"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚАРАТАЛ АУЫЛЫНЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ" КММ
КГУ"НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КАРАТАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің өзін-өзі бағалауы 2020-2022оқу жылы

«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі» мемелекеттік мекемесінің  «Қаратал ауылының бастауыш бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін- өзі бағалауының  қорытынды

          АНЫҚТАМАСЫ

Бақылау түрі: өзін-өзі бағалау.

             

Өзін-өзі бағалау жүргізуге негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 634 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық»,  "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 шiлдедегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдедегі бұйрығы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Каппасов Орал Кабиевичке «Ақмола облысы бойынша 2022 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі» 25.06.2021 жылғы бұйрығы.

Өзін-өзі бағалау  комиссиясының құрамы:

Доскенова Макпал

 

Мектеп меңгерушісі                                

Екибасова Айнаш Ермекбаевна

Кәсіподақ төрайымы

Хамина Гульнара Каденовна

Бастауыш сынып мұғалімі

 

      Өзін-өзі бағалау барысында төмендегі мәселелер тексеріліп сарапталды, олар:

1) білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;

2) оқу және оқыту;

3) білікті қызметкерлердің болуы;

4) қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау;

5) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық база.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қаратал ауылының бастауыш мектебі» 

коммуналдық мемлекеттік  мекемесіне  жалпы сипаттама

 

Білім беру мекемесінің толық атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қаратал ауылыынң бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрылыс жылы – 1978 ж.

Жобалық қуаты – 20 оқушы.

Жалпы ауданы –181,7 ш.м

Заңды мекен-жайы: 020700 Қазақстан, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы,  Қаратал ауылы, М.Жұмабаев көшесі 1 құрылыс.

Заңды тұлғаның байланыс деректері: 87163920970, karatal.mektep@yandex.kz

Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: мектеп меңгерушісі Доскенова Макпал,  Бұйрық №06-04/124  01.10.2021ж

Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары

Мектеп бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беруді мынадай құқық белгілейтін құжаттар негізінде жүзеге асырады:

  • 2021 жылғы 8 ақпанда берілген №KZ60BFA00123148 мемлекеттік лицензия Линцензиар: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті»  мемлекеттік мекемесі
  • 2021 жылғы 8 ақпанда берілген №KZ60BFA00123148  білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша Линцензиар: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі
  • 2021 жылғы 21 қаңтарда Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама. БСН 021240004451. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 2002 жыл 6 маусым.
  • 2021 жылғы 05 қаңтардағы № А-1/3 қаулысымен бекітілген «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қаратал ауылының бастаутауыш  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  техникалық паспорты 2011 жылы  24 тамызда жасалған. Қабат саны-1, құрылыс ауданы- 246,5 ш. м , ғимараттың ауқымы-690, салынған жылы-1985 жыл (көшірме қосымша ұсынылады).
  •  «Қаратал ауылының бастауыш мектебі» КММ–нің басқару органы - «Ақмола облысының білім басқармасы»; Құрылтайшысы-«Ақмола облысының әкімдігі».
  • Мектептің білім беру қызметі ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің нормативті құжаттарына, ҚР БжҒМ нұсқаулық хаттары мен бұйрықтарына, ҚР орта жалпы білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік Ережелеріне, Мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылуда.
  • Мектептің қаржы-экономикалық жағы Аудандық  білім бөлімінде орталықтандырылған. Мекеменің мөрі бар.
  • «Қаратал ауылының бастуыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мектепішілік тәртіп ережелері «Білім туралы» Заң, Жарғы және басқа да азаматтық қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық құжаттар негізінде құрылған.

Мектеп меңгерушісі Доскенова Макпал 2021 жылғы 01 қазанда  Біржан сал аудандық білім бөлімінің №06-04/124  бұйрығымен «Қаратал ауылының бастауыш мектебі» КММ-нің  меңгерушісі  қызметіне тағайындалды. 

Істер номенклатурасы: 1. «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 06-05/66 бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі»

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарының»;
3. Ақмола облысының білім басқармасының 2021 жылғы «12» мамыр  №1 сараптау комиссиясының хаттамасымен келісілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, жалпы білім беретін мекемелерқызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі» негізінде құрастырылды.

Білім мекемесінің іс қағаздары:

01 - Басшылық және бақылау

02 - Кадрлермен жұмыс

03 - Оқу бөлімі

04 - Оқу-әдістемелік бөлім

05 - Оқу-тәрбие бөлімі

06 - Кітапхана

07 - Кәсіподақ ұйымы

08 - Шаруашылық бөлімі

09 –Мемлекеттік қызмет көрсету

Өзін-өзі бағалау кезінде номенклатураға құжаттар реті-номенклатураға  сәйкес жүргізілген, құжаттар реті  номенклатураға  сәйкес.

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 34-1 тармақшасы негізінде «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңының 5-бабы 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» №190 бұйрығын орындау мақсатында мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрамы мектеп директорының 2022 жылы 01 қыркүйек №01/13 бұйрығымен 3 жылға құрылды. Кеңес құрамы  3 адамнан тұрады.

Мектеп әкімшілігі:

Мектеп меңгерушісі: Доскенова Макпал – Педагог-модератор, бастауыш сынып мұғалімі, педагогикалық еңбек өтілі 7 жыл.

1-4сынып оқушылары:

Мектепалды даярлық топ: қазақ тілінде - 1

Сынып комплекті саны: - 3

1-4 сынып: 3 сынып

Оқыту тілі: Қазақ тілі

Мектеп бес күндік оқу аптасымен бір ауысымда жұмыс істейді. Бірінші ауысымда – 11 оқушы білім алады.

Мектептің миссиясы:

Біздің бастауыш мектеп - құндылықтарға бағдарланған тәрбие мен білім негіздерін оқушылардың бойына сіңіре отырып, сапалы білім береді.

Мектептің болашақ бағдары: Болашақта мектебіміз-тиімді оқу мен оқыту арқылы аймақтағы білім сапасы жоғары көрсеткіш көрсететін мектептердің қатарында болады.

Мақсаты: Мемлекеттік стандарт талаптарын орындау үшін, мұғалімдердің үздіксіз оқуына қолдау жасау арқылы, оқушыларға сапалы білім беру мен тәрбиелеу.

Білім алушының динамикалық дамып жатқан ортадағы өмір сүру жағдайларына, әлеуметтік дамудың шынайылығына бейімделуіне ықпал ету.

Іс жүргізу үшін мектеп меңгерушісі  бекіткен және аудандық білім бөлімімен келісілген істер номенклатурасы, штаттық кесте, мұғалімдер мен қызметкерлердің жеке істері, еңбек кітапшалары, еңбек келісім-шарттары, мұғалімдер мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, жеке құрам бойынша бұйрық кітапшалары бар.

Жалпы білім беру мәселесі бойынша алфавиттік кітап, оқушылардың қозғалысы туралы бұйрық кітабы, мектепке келу, мектептен кету талондары, оқушылардың жеке істері, есеп карточкалары, Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 «Білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Мектеп әкімшілігі мектеп оқушыларын есепке алуды ұйымдастыру талаптарының сақталуы, мектеп оқушыларының оқумен қамтылуы мәселелерін үнемі қадағалап отырады. Оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың уақытылы берілуі қамтамасыз етілген. Барлық білім алушылардың жеке істері мен медициналық құжаттары бар.

Мектептің кадрлық құрамының сараптамасы

Білім сапасы көбіне педагогикалық ұжымның сапасымен анықталады. Тексеру барысында кадрлармен жұмыс істеу бойынша барлық нормативтік құжаттардың бар екені, жеке құрам бойынша бұйрық кітапшалары уақытылы жүргізілетіні, жеке еңбек келісім-шарттары жасалғаны, мұғалімдердің жеке істері, аттестаттау отырыстарының хаттамалары бар екені анықталды.

Соңғы үш оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымының саны тұрақты. (2020-2021 оқу жылы- 3мұғалім, 2021-2022 оқу жылы-4 мұғалім, 2022-2023 оқу жылы-3). Ағымдағы оқу жылында ұстаздар саны 3 адамды құрайды.( ағылшын тілінен беретін мұғалім қосымша қызметте бізде істейді.)

 

 

Педагогикалық кадрлардың білім деңгейі 3 жыл ішінде жоғары білімі бар мұғалімдердің 100% болуымен сипатталады. Ағымдағы оқу жылында бұл

көрсеткіш сақталды.

Мұғалімдердің білім деңгейі:

 

1-4 сыныптар

 

мұғалімдер саны

 

 

жоғары білімді

 

арнайы орта білімді

2020-2021

3

3(100%)

-

2021-2022

4

3(75%)

1(25%)

2022-2023

3

3(100%)

-

2020 -2021 оқу жылынан бастап барлық мұғалім біліктілік санаттарын жаңартты – педагог-сарапшы -2 мұғалім, педагог-модератор 1 мұғалім -100%

 

 

 

 

Оқу жылдары

Педагог  қызметкерлердің

жалпы саны

Курстық қайта даярлаудан өтті

Курстық қайта даярлаудан өткен

мұғалімдердің үлесі/%

    2020-2021         

3

1

33%

2021-2022

4

0

0

2022-2023

3

0

0

 

 

 

 

 

 

 

                2020-2021 оқу жылында 3-ші мұғалім қайта даярлау курснан өтті. Бүгінгі күні қайта даярлау курсынан                         өткен мұғалімдердің үлесі 100% құрайды.

                                              

2020-2021 оқу жылында курстан өткен мұғалімдер

 

Мұғалімнің аты-жөні                         

Тақырып

Мерзімі

Өткен      

 жері

Сериясы

1

Доскенов Макпал

«Оқытуда саралау тәсілдерін қолдану»

14.03.2020ж

Көкшетау қ.

«Өрлеу»

БЖ№

035505

1

Доскенова Макпал

ҚРда орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру

20.04.2020 ж.

Көкшетау қ.

«Өрлеу»

БЖ№

039741

 

2021-2022 оқу жылында курстан өткен мұғалімдер

 

Мұғалімнің аты-жөні

Тақырып

Мерзімі

Өткен      

 жері

Сериясы

1

Хамина Гульнара Каденовна

«Қашықтықтан сабақ оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыру»

12.11.2020ж

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

№7112667

2

Хамина Гульнара Каденовна

Педагогтердің цифрлық құзырлығын  дамыту

22.09.2021ж

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

№186823

3

Екибасова Айнаш Ермекбаевна

Педагогтердің цифрлық құзырлығын  дамыту

14.10.2021ж

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

№271703

4

Доскенова Макпал

Педагогтердің цифрлық құзырлығын  дамыту

25.10.2021ж

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

№291368

3

Доскенова Макпал

«Мектептегі басқарудағы инновациялық менеджмент» орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы

 11.02.2022ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»

ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі

№239ee66ba

4

Доскенова Макпал

«Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-компектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі»

22.04.2022ж

Кокшетау «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

№0483460

Аттестаттау материалдарын зерделеу аттестацияның педагогикалық шеберлікті арттырудың қуатты стимулына айналғанын, жоспарлы түрде  жүргізілетінін, жүйелілік, сабақтастық, бақылау және шығармашылықты ынталандыру принциптерін жүзеге асыруға негізделгенін көрсетті. Барлық құжаттама    Қазақстан    Республикасы    Білім    және    ғылым     министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлерді   аттестаттау ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Педагогикалық кадрларды аттестациялау үдерісін қамтамасыз ету     бойынша жоспар құрылды. Аттестаттау комиссиясының отырыстарында жыл сайын хаттамалар жүргізіледі, бұйрықтар шығарылады, біліктілік куәлігін тіркеу және беру тізілімі бар. Аттестаттау туралы бұйрықтар мен куәліктерінің көшірмелері педагогтардың жеке істеріне қоса беріледі.

Кадрлардың тұрақтамауын талдау мұғалімдердің басым бөлігі тұрақты жұмыс істейтінін көрсетті. 2020-2022 жылдар аралығында 1 мұғалім жұмысқа  қабылданды. Шет тілі пәнін толық емес жұмыс күні бойынша басқа мектептен келіп береді.  Ұжымда даулар, шағымдар жоқ.

Мектеп әкімшілігінің әкімшілік қызметі мектеп ұжымында қолайлы         орта туғызып, оқу- тәрбие процесінің сапасын арттыру және қолайлы орта туғызуға бағытталған.  Мектепте адам ресурстары жоғары деңгейде. Мұғалімдердің 75 %-ы жоғары, педагог- сарапшы санаттарына ие.

Сонымен бірге біз мектептің дамуының проблемалары мен болашағын  көреміз:

-мұғалімнің шығармашылық өзін-өзі дамытуға, жеке жауапкершілігіне және мектепті дамыту міндеттерін шешудегі жұмыстың маңыздылығына ықпал ететін шығармашылық атмосфераны құру;

  • педагогикалық ұжымның басым бөлігінің педагог-сарапшы жұмысының дағдыларын дамытуға мотивациясын дамыту;
  •       мектептің сапа көрсеткіштерінің тұрақтылығы мен өсуіне қол жеткізуде қолда бар еңбек ресурстарын   пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету.

Оқушылар контингенті

Мектептің негізгі міндеттерінің қатарында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығын жүзеге асыру – білімнің   қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, оқу үдерісі субъектілерінің білім беру  қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

2020-2021 оқу жылының басындағы оқушылар саны 8 оқушы, соның ішінде қыздар – 4, ұлдар – 4.

          2021-2022 оқу жылының басындағы оқушылар саны 5+3 мектепалды сыныбы,соның ішінде қыздар – 2, ұлдар – 6.

     2022-2023 оқу жылының басындағы оқушылар саны 9+2 мектепалды сыныбы , соның ішінде. қыздар – 2, ұлдар – 9.

Оқу жылдары

Барлық

оқушылар саны

1-4 сынып

2020-2021

8

8

2021-2022

5+3

5

2022-2023

9+2

9

 

Мектеп оқушыларының контингенті жылдан жылға азайып қалмауынббақылауда ұстап отырамыз.Жыл сайын ауылымызда балалардың  дүниеге келуі өсіп келеді. Мектеп ата-аналар қауымы арасында беделге ие, бұл өз балаларын мектепте оқыту қажеттілігінің артқанын көрсетеді.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Оқу процесін ұйымдастырудың негізі «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары болып табылады.

Мектепте білім беру Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде жүзеге асырылады. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің негізгі мазмұны инварианттық бөліктің оқу пәндері арқылы толық жүзеге асады.

Бастауыш білім беру сыныптарының жұмыс жоспарлары бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес құрастырылған.

Оқу сабақтарының кестесіне, сабақтардың ұзақтығына және өзгерістерді ұйымдастыруға арналған СанПин-де анықталған талаптар мен нормалар сақталады.

Білім беру бағдарламаларының, жазба және бақылау жұмыстарының нормаларының орындалу мәселесі әкімшіліктің тұрақты бақылауында, барлық тексерулердің нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді.

Мемлекеттік білім стандартының талаптарын сақтау мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстарында және педагогикалық кеңестерде қарастырылады. Мектепте бастауыш сыныптар  әдістемелік бірлестік бар.

Білім беру мазмұнын жаңарту жұмыстары педагогикалық ұжым қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдересіне енгізуді жалғастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» бірыңғай әдістемелік тақырып аясында:

  • оқушылар мен ата-аналардың білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу жоспарының вариативті бөлігіне енгізілген факультативтік пәндер ауқымын кеңейту;
  • оқытудың жаңа білім беру технологияларын енгізу, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруға, педагогикалық процестің субъектілері арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге ықпал ету.

   2020-2022 оқу жылы конференцияларға, конкурстарға, семинарларға, олимпиадаларға мұғалімдер  жыл сайын қатысады. Бұл мұғалімдердің өз жұмысының жоғары сапасына деген ынтасының артқанын көрсетеді.

2020-2021 оқу жылы бастауыш сынып мұғалімі Доскенова М.. Аудандық «Үздік педагог-2020» байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған Республикалық олимпиадада І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ғарыш әлемі» атты Республикалық байқауыда алғыс хатпен марапатталды. «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтына ашық сабақ  материалын жариялағаны үшін сертификатпен марапатталды. «Ustaz tilegi» ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған бастауышта оқыту  педагогикасы мен әдістемесі пәнінен  ІІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды.

Бастауыш сынып мұғалімі Хамина Г.К.. Републикалық «Абай әлемі» байқауында шәкірт дайындағаны үшін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық Sabak.kz «Оқыту әдістемесі мен педагогика» олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ziatker.kz Республикалық Білім және Ғылым порталына  авторлық материал жариялағаны үшін сертификатпен марапатталды. Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бастауыш сынып мұғалімі Екибасова А.Е. . «Ustaz tilegi» ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Дарынды және талантты балалармен жұмыс: анықтау, дамыту, шыңдау» атты республикалық конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен  марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған Республикалық олимпиадада І дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық интелектуалды «Кім жүйрік?»  атты ойынға жүлдегер дайындағаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Абырой» Республикалық интелектуалды білім порталынан Алғыс хатпен марапатталды.

2021-2022 оқу жылында   бастауыш сынып  мұғалімі Хамина Гульнара Каденовна Аудандық білім бөлімінің басшысынан алғыс хатпен марапатталды.

2022-2023 оқу жылында Бастауыш сынып мұғалімі Хамина Гульнара Каденовна «Akberen Education» Ақберен Республикалық журналына «Абай оқулары» конкурсына жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.   Бастауыш сынып мұғалімі Доскенова Макпал ТРИАДА Республикалық Білім орталығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадада І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Педагогикалық ұжымның педагогикалық технологияларды, оқытудың  заманауи әдістерін енгізудегі мақсатты жұмысы оқу-тәрбие процесінің дамытушылық және оқыту функцияларын қамтамасыз етуге, оқыту мен тәрбиелеу  сапасын арттыруға жағдай жасауға ықпал етеді. Мектептің білім беру бағдарламасы мен оқу жоспары мектептің мемлекеттік функциясын – бастауыш  білім берумен және баланы оқу процесінде дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл мақсатқа жетудің негізгі шарты – әр баланың мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып, біріктірілген сыныптармен жұмыс жасау болып табылады.

Мектеп білім сапасын арттыру мәселелерінің шешімін оқу пәндерін оқытудың жай-күйін бақылау жүйесін жетілдіруден, мектеп оқушыларының білімінің тақырыптық есебін жүргізуден, заманауи білім беру технологияларын,

АКТ-ны қолдану арқылы балалардың ынтасын арттырудан көреді.

 

Оқу жылы

 

2020-2021

2021-2022

2022-2023

Оқушылар саны

4

2

5

Екпінділер саны

4

1

0

Екпінділер %

100%

50%

0%

Үздіктер саны

0

1

5

Үздіктер  %

100%

50%

100%

Үлгермеушілер саны

0

0

0

                

Оқушылар жыл бойы түрлі зияткерлі сайыстарға, қашықтық        олимпиадаларға және спорттық сайыстарға  қатысады.

2020-2021 оқу жылында Еркебек Санжар «Ғарыш әлемі» ат ты І Республикалық онлайн байқауына қатысып «Қол өнер» номинаиясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. ТИО.kz Республикалық Математика пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадада ІІІ дәрежелі дипломмен Еркебек Санжар марапатталды. ТРИАДА Республикалық «Шедевр» конкурсына қатысып «Әке арманы» номинациясы бойынша Іорынды иеленді.

2021-2022 оқу жылында Ұлағат Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Математика» пәні бойынша Құдас Омар І орын алып дипломмен марапатталды. Тәуелсіздіктің 30-жылдығыа орай өткізілген Аудандық «Асық ату» сайысында Еркебек Санжар жүлделі 3-орынды иеленді .Шәймерден Қосшығұловтың 148 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық «Алтын сақа» турниріне қатысып Еркебек Санжар «Жас мерген» номинациясымен марапатталды.

2022-2023 оқу жылында Ақберен Республикалық танымдық ұйымдастырған «Абай оқулары» конкурсына  Серік Оразбек, Құдас Нұрасыл, Жакупов Нурислам қатысып жүлделі 1 орындарды иеленді. Дарын онлайн олимпиадасына 1-сынып оқушылары Серік Оразбек пен Құдас Нұрасыл қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марпатталды. Ақбота зияткерлік олимпиадасына 1-сынып оқушысы Серік Оразбек қатысып І дәрежелі Дпиоммен марапатталды. Біран сал ауданында «Сейсен Ғабассұлының құрметіне орай» өткізілген қазақша күрес бойынша  облыстық турнирге мектеп оқушылары қатысып 3-сынып оқушысы Сайлаубек Абылайхан -2 орын, 3-сынып оқушысы Еркебее Санжар 3-орынды иеленді. Ауданымызда Ұлыстың ұлы күі «Наурыз мейрамы» атты қазақша күрес жарысында 3-сынып оқушылары Серік Сағындық -2 орын, Сайлаубек Абылайхан 3-орын, Еркебек Санжар 3-орын алды. 4-сыныптан Төлеген Жарқын -3орын, Серік Нұрхан 3-орын алды. Нұрсұлтан қаласында өткен  қазақша күрестен «Батыр бала»  қалалық турнирге мектеп оқушылары қатысып 60 баланың ішінен 5-ші орын алған Сайлаубек Абылайхан «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталды. Ауданда Өткен Спорт шебері Талғат Макаровтың құрметіне арналған «Мектеп барысы» аудандық турнирге балалар қатысып «Ең қысқы жекпе-жекпен» жеңіс алғаны үшін 3-сынып оқушылары Еркебек Санжар мен Сайлаубек Аылайхан марапатталды. Бұланды ауданында Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген қазақ күресі бойынша 3-4 сынып оқушылары қатысып Серік Сағындық 1 орын, Сайлаубек Аылайхан 1 орын, Еркебек Санжар 2-орын, Төлеген Жарқын 3-орын иеленді. Оқушылар өздерін сабақ жағынан да спорт жағынан да өздерін тек жақсы жақтарынан көрсетіп келеді.

                                                                            

 

Мектеп дәстүрлері

Мектепте дәстүрлі түрде   келесі   іс-шаралар   өткізіледі:   «Білім   күні»,

«Мұғалімдер күні», «Күзгі балл», «Қарттар  күні», «Республика  күні», Тәуелсіздік  күні» т.б.. Бұл балалар мен жасөспірімдердің азаматтық ұстанымдарын дамыту мен нығайтуға, оқушылар ұжымын біріктіруге, рухани-адамгершілік тәрбиеге бағытталған ауқымды іс-шаралар. Жыл сайын мектепте "Мектепке жол"акциясы өткізіледі.

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналардың көпшілігі мектеппен тығыз байланыста. Әрине, бастауыш                  сыныптарда жұмыс істейтін педагогикалық ұжымның міндеті-бастауыш буынның қалыптасқан дәстүрін жоғалтпау емес,    керісінше нығайту болып табылады. Отбасымен жұмыс жасау да, ата-аналармен қарым-қатынас та, олармен байланыста сынып жетекшісіне беріледі. Жағдайы нашар отбасылар және есепте тұрған оқушылар  мектебімізде жоқ.

Мәдени-көпшілік іс-шараларға ата-аналар тікелей қатысып, сынып жетекшілеріне көмек көрсетті. Осылайша, көптеген сынып жетекшілері ата- аналар қауымдастығымен екі жақты байланыс орнатады және сақтайды деген қорытынды жасауға болады.

Сынып жетекшілерде ата-аналардың мүдделері мен тілектерін ескерілуде, сонымен қатар ата-аналардың балаларды тәрбиелеу        мәселелеріндегі педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында ағарту  жұмыстарын жүргізілуде.Ата-аналар оқушылшардың үлгеріміне көз жеткізу мақсатында кез келген сабаққа қатысып, балаларының деңгейлеріне және тәртіптеріне көз жеткізе алады. Ата-ана мен ұстаз, оқушы өте тығыз байланыста жұмыс істейді.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттерімен анықталады, олар  әлеуметтік дамудың мазмұны мен бағытына байланысты.

Сыныптан тыс және бос уақытты өткізу

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың дене бітімін жетілдіру мақсатында мектеп оқушыларының үйірмелер мен секцияларға мектепішілік жұмысқа орналасуы ұйымдастырылды: асық ату, Шахмат. Хареография, қазақша күрес (жетекшілері Доскенова М және Хуаныш А). үйірмелері құрылып, жұмыс істейді.

Жалпы, мектеп үйірмелері мен секцияларында қамтылған оқушылар саны 100% - ды құрайды. Айта кететін болсақ 2022жыл балалар жылы болғандықтан, арнайы сол жылға арнап,  ата-аналардың аудандық білім бөлімінен «Қазақша күрес» секциясын ашу үшін рұқсат алды. Ауылда тұратын балрық 0-11 сынып оқушылары қатысып келеді. Тренер көршілес мектептің Дене тәрбие  мұғалімі. Балалар қызығушылықпен келеді. Мектеп оқушылары осы «Қазақша күрес» бойынша  біршама жетістіктерге  ие болды. Балалардың спортқа деген қызығушылықтары одан сайын арта түсуде.Барлық пәндік үйірмелер мен спорт секциялары кестеге сәйкес жұмыс істейді

 

 

Мектептегі  тәрбие жұмысы

2020-2021, 2021-2022, 2022-2023  оқу  жылы

  «Қаратал ауылының бастауыш мектебі» КММ  тәрбие ісі жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне» басшылыққа алынып  жасалған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған. 

Тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысында жаңашыл іс- әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

2020-2021  оқу жылына арналған  тәрбие жұмысының  жоспары тәрбие  үдерісіне қатысты негізгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген  Қазақстан  Республикасында білім беруді және  ғылымды дамытудың 2020-2025  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2019 жылғы  15 сәуірдегі № 145  бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  іске асыру  жағдайындағы  Тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздері;  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525  бұйрығымен бекітілген Қазақстан  Республикасында өлкетануды дамытудың  тұжырымдамалық негіздері басшылыққа ала отырып құрылды.

             Бағдарламаның мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында балалар мен жастарды тәрбиелеу.

          Міндеттері:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы аясында;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі индикаторлары шеңберінде білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, ізгілендіру, компьютерлендіру, сандық жүйеге көшу, смарт және стем білім беру), тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін, тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырып тәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
  • білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету;заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің, балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
  • балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заманауи реалиялармен, сондай-ақ іс-қимыл компонентін, шынайы әлеуметтік маңызды нәтижелерге негізделген балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын кіріктіру жүйесін күшейту.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбие процесінің, әлеуметтің әріптестіктің, құқықтық, ұйымдастырушылық-басшылық, ақпараттық қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

          2020-2021  оқу жылына арналған   тәрбие жұмысының жылдық  жоспары 8 бағыт арқылы жүзеге асырылды.  Атап айтатын болсақ:

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты;тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалармен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағықатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. 

  1. Рухани-танымдық тәрбие.

Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және  көзқарастарын қалыптастыру.

  1. Ұлттық тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге  бағдарлау.

  1. Отбасылық тәрбие.

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және  жауапкершіліктерін  арттыру.

  1. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын        қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту

  1. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін  дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. 

  1. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру

  1. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Жоғарыда  аталған 8 бағыт бойынша  жыл   басында  бекітілген  жоспарлар   карантиндік  және шектеу іс – шаралары  жағдайында  балалардың  қатысуымен  мәдени – бұқаралық  және спорттық – бұқаралық  іс – шаралар  тоқтатылып,  бұл шаралар онлайн түрде жүргізілді.

 2021-2022  оқу  жылына арналған  «Қаратал ауылының бастауыш мектебі» КММ  тәрбие ісінің  жылдық жоспары  Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына 2- қосымша,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді және  ғылымды  дамытудың 2020-2025  жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасына сәйкес  оқу – тәрбие  жүйесі  білім берудің  барлық  деңгейлерінде  бірыңғай  идеологиялық  және құндылықтар   тәсілдерінен құралады.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары жинақталып, папкаға салынды. Олар:

1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

3)«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;

4) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы;

5) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы;

6) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

8) ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

 9) ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.

  Тәрбие жұмысының мақсаты:

  • Қазақстан  Республикасы  Білім  және ғылым   министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде 2019-2024  жылдарға арналған «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге асыру  аясында   тәрбиенің Тұжырымдамалық  негіздерін  іске  асыруға ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасында  білім беруді  және ғылымды  дамытудың  2020-2025  жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасына   сәйкес оқу – тәрбие  жүйесі  білім берудің  барлық  деңгейлерінде бірыңғай  идеологиялық  және құндылықтар  тәсілдеріне құрылады.  Тәрбие жұмыстары барлық ынталы  тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның  кең ауқымды  қатысуымен  кешенді  түрде жұмыс жүргізу;
  • Мектеп  оқушыларының  Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында;
  • Білім мазмұнын жаңарту  жағдайында  балалар  мен оқушы жастарды  тәрбиелеудің   идеологисы мен стратегиясын  анықтау;
  • Қазақстан  Республикасының  азаматтары  және  патриоттары  ретінде  қалыптасуы  мен  өзін – өздері танытуларына, әлеуметтенуіне,  болашақ  мамандық  иесі болып, кәсіби,  интеллектуалды  және  әлеуметтік шығармашылыққа  жетуіне оңтайлы  жағдай жасау;
  • Адами капиталдың  сапасын  жақсарту  мақсатында   жастар патриотизм  тәрбиелеуге  және мұғалімдердің  сана- сезімін  жаңартуға  аса мән  береді.

Тәрбие жұмысының  міндеттері:                         

  • Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  • Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
  • Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  • Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
  • Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
  • Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. .
  • Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Тәрбие жұмысының жыл сайынғы жоспарларына патриоттық, азаматтық, рухани-адамгершілік тәрбие, СӨС, отбасы мен мектептің ынтымақтастығы, құқықтық мәдениет, бос уақытты өткізу қызметі, кәсіптік бағдарлау жұмысы кіреді. Жоғарыда аталған бағыттар сынып сағаттары мен жалпы мектептік іс- шаралар арқылы іске асырылады.

Сынып жетекшілерінің қызметі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге     асырылады.

Ыстық тамақ, құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларды жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, СӨС жұмысының жағдайы, мектеп құжаттамасын (журналдар, күнделіктер) жүргізу мәселелері ЖББМ жоспарына сәйкес директор жанындағы кеңесте қаралады, педагогикалық кеңестің отырыстарында мәселелер талқыланды.

Педагогикалық кеңестің отырыстарында "Жалпыға бірдей міндетті білім беруді ұйымдастыру» "1,4 сыныптарға оқушыларды жинақтау". "Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтылуы

         Директор   жанындағы   кеңестерде    келесі    мәселелер    қарастырылады:

«Мектепке жол» акциясының қорытындысы туралы анықтама "(тамыз.2021 ж).

«Сынып оқушыларының тізімін нақтылау және түзету»,

«Оқушылармен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша ережелер мен кеңестердің уақытында жүргізілуін бақылау» «Оқушылардың сабаққа қатысуы» (қазан 2021 ж)

Тәрбие жұмысының мақсаты сынып жетекшілерінің шеберлігін арттыру арқылы тәрбие формалары мен әдістерін жетілдіру болып табылады.

Мақсатқа сүйене отырып, тәрбие қызметінің келесі міндеттері қойылды:

Тәрбие жұмысының психологиясы мен педагогикасы мәселелері бойынша сынып жетекшілерін даярлаудың теориялық, ғылыми әдістемелік деңгейін арттыру,  сынып            жетекшілерді ғылыми-әдістемелік, инновациялық педагогикалық қызметке белсенділігін қосу;

ӘБ тақырыбы:"Тәрбие қызметінің сапасын арттыру факторы ретінде сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігін дамыту".

ӘБ жұмысының мақсаты: сынып жетекшілерінің шеберлігін арттыру арқылы тәрбие нысандары мен әдістерін жетілдіру.

ӘБ міндеттері:

  • мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру және жетілдіру;
  • сынып жетекшілеріне оқушылармен тәрбие жұмысында ақпараттық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру, сынып жетекшілеріне тәрбие процесінің жаңа педагогикалық технологияларын меңгеруге көмектесу;
  • сынып жетекшілерінің ғылыми-әдістемелік, инновациялық, тәжірибелік- педагогикалық қызметінде белсенділік қосу;
  • педагогтердің ақпараттық мәдениетін дамыту және тәрбие жұмысында ақпараттық технологияларды пайдалану.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мектепте тәрбие жұмысы жүзеге асырылатын басым бағыттар айқындалды:

  • Құқықтық тәрбие;
  • Рухани-адамгершілік тәрбие;
  • Әскери-патриоттық тәрбие;
  • Салауатты өмір салты;
  • Мектеп дәстүрлері;
  • Ата-аналармен жұмыс.

Құқықтық тәрбие бағытын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі жетекшілік етеді.

Ата-аналармен, педагогтермен және оқушылармен қосымша жұмыс жүргізіледі. Ата-аналарды балалардың білім алуы және тәрбиелеу мәселелері қызықтырады. Мұғалімдер сабақты босату, жекелеген оқушылардың отбасыларындағы қиын жағдайға байланысты жұмыс жүргізеді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ үлгермеушілікті жою мақсатында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша және басқа да көптеген мәселелер бойынша кәмелетке толмаған іс жөніндегі инспекторының қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылармен жұмыс негізінде жеке тәсіл қалыптасқан. Тәрбиедегі жеке көзқарас баланың білім беру ерекшеліктері мен деңгейін, сондай-ақ оның өмір сүру жағдайларын ескере отырып, педагогикалық әсерді ұйымдастыруды қамтиды. Осы жылдар бойы ата – аналармен, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиямен, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімімен тығыз байланыста болдық. Мектеп психологы жасөспірімдер мен олардың отбасыларының контингентін төменгі сыныптардан бастап зерттейді, қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылармен жұмыс жүргізеді.

Оқу – тәрбие процесінің негізгі бағыттарының бірі оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, құқықтық білімді насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәрбие бойынша жұмыс ерекше бақылауда.

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие  жұмысы:

Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.

3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту. 

отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру. 

4) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру. 

5) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

6) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

7) әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау.

8) балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.

9) балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.

10) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

11) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеу, «қатер» тобындағы балаларды мектеп өміріне, сыныпқа, үйірмелер, секциялар сабақтарына барынша тарту.

12) Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасына сәйкес кеңінен қолдану.

2022-2023 оқу жылына арналған мектептің тәрбие қызметінің басым бағыттары:

1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

2. Рухани-адамгершілік тәрбие.

3. Ұлттық тәрбие.

4. Отбасылық тәрбие.

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Жоспарланған нәтижелер:

• Оқушылар жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталған оқушылардың өзін-өзі басқарудың ұжымдық шығармашылық қызметіне белсенді қатысады.

• Тәрбие жұмысының жүйесін тақырыптық кезеңдерге батыру арқылы ұйымның арқасында барынша ашық, қисынды болды; мұндай жүйе тәрбие жұмысының әрбір бағытын іске асыруға бағдарланған. 

• Оқушылардың ең көп саны қосымша білім беру жүйесіне енгізілген. Үйірмелерде сабақтарды ұйымдастыру адамның таным мен шығармашылыққа деген ынтасын дамытуға бағытталған.

• Сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артты, соның арқасында сыныптардағы тәрбие жұмысының тиімділігі артты.

• Оқу процесінің тиімділігін бақылау жүйесі оқу процесінде болып жатқан өзгерістерді және оларды тудыратын факторларды уақтылы анықтауға және талдауға мүмкіндік береді.  

• Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті арттырылды, жұмыс жүйесі ата-аналардың шығармашылық әлеуетін ашуға, Отбасы дәстүрлері мысалында отбасылық тәрбиені жетілдіруге, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейтуге ықпал етеді.

Білім алушылардың  рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелері қоса беріледі.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдықтарын, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, патриотизм  еңбексүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда тәрбие жұмысының басым 9 бағыт арқылы жүзеге асты. Осы бағыт ішінде  адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіспорттық, шығармашылық және мәдени конкурстар,жарыстарға, фестивальдар мен байқаулар жүргізілді.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізілуде:

 

 

 

 

 

Оқу-материалдық активтер

Кітапхана

Кітапхананың жалпы қоры:

2020-2021 жылы – 218 дана;

 2021-2022 жылы -  260дана;

2022-2023 жылы –  276 дана

 

          Білім алушылар контингентіне шаққандағы мектептегі оқу әдебиеті қоры талаптарға сәйкес келеді.

 

Медициналық кабинет

     Мектепте ауданның балансында тұрхан ФАП бар . Жалпы ауданы 19,16 ш. м.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі.

Мектепте ақпараттық-компьютерлік технологиялар кеңінен қолданылады:

  1. «Kundelik.kz» платформасы
  2. OnlineMektep платформасы
  3. egov.kz порталы
  1. Ақпараттандыру жағдайын талдау мектепте ақпараттандыру бағдарламасы жұмыс істейтінін, ақпараттандыру мәселесі мектеп әкімшілігінің бақылауында екенін көрсетті.
  2. Мектептегі білім беру кеңістігінің ақпараттық-техникалық инфрақұрылымы жасалды.
  3. Мектепте заманауи АКТ құралдарын тиімді пайдалану, электрондық оқу материалдарын пайдалану және бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету есебінен білім беру сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасалған.
  4. Компьютерлік технологияларды меңгерген, түрлі сертификаттары бар педагогтардың саны артты. Интерактивті оқыту құралдары мектепте белсенді қолданылады: сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, педагогикалық ұжымды оқыту. Мектепті басқаруда АКТ құралдары белсенді қолданылады.
  1. Күні бойы оқушылар мен мұғалімдер үшін интернет ресурстарына еркін қол жеткізу ұйымдастырылған.
  2. Оқу-тәрбие процесінде АКТ пайдалану есебінен мұғалімдер мен оқушылар жетістіктерінің өсуі байқалады.
  3. Сонымен бірге әдістемелік бірлестіктер шеңберінде АКТ-технологияларды қолдану жөніндегі жұмысты жүйелеу қажет

Оқу-материалдық активтер

«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қаратал ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1978 жылы салынған, типтік ғимарат – кірпіштен салынған.

Мектептің жалпы ауданы 181,7 ш.м. құрайды, мектептегі оқу кабинеттерінің саны -3.

Оқу кабинеттері:2- бастауыш сынып кабинеті, 1 информатика кабинеті,

арналған қақпалар-2 дана. Спорттық материалдық – футбол добы, шахмат, тоғызқұмалақ, скакалка, обруч, баскетбол добы,

Сумен жабдықтау – су орталықтандырылған.

Мектепте канализация жүйесі бар, 2  жылы дәретхана орналасқан.

Мектеп қазандығы көмірмен жылытылады,

Мектеп мүлкі жақсы жағдайы

Жаңартылған күні: 08.06.2023 11:10
Құрылған күні: 15.06.2023 00:05

Текст