Қаратал бастауыш мектебінде өткен Денсаулық күніне арналған «Дені саудың жаны сау»атты іс-шара бойынша есеп
Қаратал бастауыш мектебінде бүгін яғни 09.09.2019 күні "Дені саудың жаны сау" атты денсаулық күніне арналған спорттық сайыстар өткізілді. Мектеп меңгерушісі Хамина Гүлнара Каденқызы оқушыларымызды құттықтап, денсаулықтың пайдасы жайлы айтып өтті. Әрі қарай бүгінгі күнге оқушыларымызға сәттілік тіледі. Оқушыларымыз саптық түзеуден бастап, дене қызу жаттығуларын орындап, сайысты бастады. Сайстарымыз жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болды. Соның ішінде үлкен ұлдар арасында отжимания жасалды. 2-4 сынып ұлдары арасында 36рет жасап 1-ші орынды иеленген 4-сынып оқушысы Мейрам Ерболат, 30рет жасап 2-ші орынды иеленген 3-сынып оқушысы Қабдош Ерасыл,20 рет жасап ал 3ші орынды иеленген 4-сынып оқушысы Арықпан Диас иеленді. Ал жас ұлдар арасында 0-1 сынып оқушылары арасында отжиманияны 35рет жасап 1ші орындымектепалды сынып оқушысы Еркебек Санжар иеленді, 2ші орынды 15рет жасап 1-сынып оқушысы Серік Нұрхан иеленді, ал 3ші орынды 8рет жасап Құдас Омар иеленді. Келесі сайыс қыздар арасында скакалкадан секіру болды. 1ші орынды 3сынып оқушысы Арықпан Дильназ иеленді, 2ші орынды 4-сынып оқушысы Қазтай Эльвира иеленді, ал 3ші орынды 2-сынып оқушысы Жапарқұл Динара иеленді. Допты жерге соғудан 1ші орынды Қазтай Эльвира иеленді. 2ші орынды Қабдош Асаналі иеленіп, 3ші орынды Жапарқұл Динара иеленді. Сосын оқушыларымыз екі командаға бөлініп футбол ойнады. "Қырандар" және"Сұңқар" тобы болып екіге бөлінді. 1 орынды иеленген "Қырандар" тобы болды. Жаттығулар мен сайыстар балаларымыздың жас ерекшеліктеріне байланысты болды. Сайыс өте тартымды да қызықты өтті. Оқушыларымыз спорттың адам өміріне қандай пайдасы барын өз көздерімен көріп, денсаулық күніне жаңадан келген бүлдіршіндеріміз өз үлесін қосты. Жылдан жылға сайыстарымыз қызықты өтіп жатыр. Осы денсаулық күнінде барлығына зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, талмас қанат тілеп бүгінгі күнімізді өз мәресіне жетті.